Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұман Жұмабеков бразилиялық файтерден жеңіліп қалды

Опубликовано:

Жұман Жұмабеков
Жұман Жұмабеков. Фото: instagram.com/juman_jumabekov

Алматыда аралас жекпе-жектен өткен Naiza 57 турнирінде қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков пен Бразилия өкілі Вандерлей Феррейра кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Соңғы раундта бразилиялық файтер Вандерлей Феррейра тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Жұман Жұмабеков мансабында сегізінші рет жеңіліске ұшырады. Ал Вандерлей Феррейра он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, осыған дейін Жұман Жұмабеков Вандерлей Феррейрамен жаттығу барысында ерегесіп қалған еді.

Вандерлей Ферейра 28 қаңтарда Alash Pride 94 турнирінде қазақстандық файтер Руслан Сариевті жеңіп, лиганың уақытша чемпионы атанды. Ал Жұман Жұмабеков соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, Ресейдегі HFC MMA турнирінде Наби Набиевтен жеңіліп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2062793-zuman-zumabekov-braziliyalyq-faiterden-zenilip-qaldy/

pixel