jitsu gif
Спорт

    "Әлі де кеш емес": Арман Әшімов UFC-мен келісімшарт жасасқысы келетінін айтты

    Арман Әшімов
    Арман Әшімов. Фото: instagram.com/naiza.mma

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов UFC промоушені туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bokey Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өткен жылы UFC-дің ресми сайтында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің профилі пайда болған еді.

    "– Менің естуімше, келісімшартқа қол қойылған және жекпе-жек Сингапурда өтуі керек еді. Бірақ неге болмай қалды?

    – Келісімшартқа қол қойылған жоқ. Қол қойылса, жекпе-жек беретін еді. Маған бір қарсылас ұсынды, мен келістім. Бірақ келесі күні қарсыласым жекпе-жекке шықпайтыны туралы жаңалықты естідім.

    – Қазір UFC-мен келісімшарт жасауға мүмкіндік бар ма?

    – Маған Саят Абдрахманов ең бастысы, АҚШ-қа виза алшы деді. Қазір Азияда, Еуропада UFС жекпе-жектері аз болып жатыр ғой. Көбі АҚШ-та өтеді. Мен екі рет АҚШ-қа визаға тапсырдым. Бірақ екеуінде де виза бермеді. Былай қарап тұрсаң менің атымда не үй жоқ. Ресми түрде ажырасқанмын. Дипломым бар, екі балам бар, әйелім, әке-шешем бар. Басқа ештеңем жоқ.

    – Өкініш бар ма?

    – Болар іс болды. Бірақ әлі де кеш емес қой. Адамдар 40-50 жаста да төбелесіп жүр. UFC-ге кірді деген атақ керек емес ешкімге. Ол жерге кірсең жеңу керек. Аллаға шүкір UFC-де біздің Шавкат, Асу бауырымыз, сосын Бекзат Алмахан бар", – деді қазақстандық файтер.

    Арман Әшімов 23 наурызда Жапонияда өтетін Rizin Landmark 9 турниріне қатысады. Оның қарсыласы – жапониялық файтер Юсаку Накамура. Әшімов бұл турнирде 57 келіге дейін салмақта сынға түседі.

    "Әлі де кеш емес": Арман Әшімов UFC-мен келісімшарт жасасқысы келетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.