Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Қуат Хамитов танымал ресейлік файтермен жекпе-жек өткізеді

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: kuat__khamitov/instagram.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қуат Хамитовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің келесі жекпе-жегім 4 мамырда RCC MMA-да Александр Шлеменкоға қарсы өтетінін растаймын", – деп жазды "Найман" Instagram желісіндегі парақшасында.

Қуат Хамитов соңғы рет октагонға 2023 жылы мамыр айында шықты. Ол кезде қазақстандық файтер Алматыда өткен Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирінде Ресей өкілі Залимхан Юсуповты жеңген еді.

Ал Александр Шлеменко соңғы кездесуінде сербиялық файтер Александар Иличпен кездесіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті. Александр Шлеменко – орта салмақта Bellator титулының иегері, заманауи панкратионнан әлем чемпионы, панкратионнан Ресей Кубогының жеңімпазы.

Еске салайық, ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Грозин Қуат Хамитовке үндеу жолдағанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2063004-resmi-quat-xamitov-tanymal-reseilik-faitermen-zekpe-zek-otkizedi/

pixel