jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Таяқ жеп, қымыз ішіп жатасыңдар": ресейлік файтер Қуат Хамитовке үндеу жолдады

    Александр Грозин
    Александр Грозин. Фото: instagram.com/grozin_alexandr

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Грозин қазақстандық файтерлер Қуат Хамитов пен Ильдар Құдайбергеновке үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бұған дейін Грозин екі қазақстандық жекпе-жекші – Мұратбек Қасымбай мен Магомед Кабардиевті жеңген еді. Кейін Қуат Хамитов пен Ильдар Құдайбергенов отандастары үшін есе қайтаратынын айтқан.

    "Мұратбек Қасымбайға қарсы жекпе-жегімнен кейін көп қазақ жауынгерлері мені жазалағысы келіп жүр. Атап айтқанда, Қуат Хамитов және жақында екінші адам пайда болды (Ильдар Құдайбергенов). Жігіттер, сендерді "Наше Делода" қуана қарсы аламын. Алдымен Магомед Кабардиевтен "Орал тұшпарасының" қалай кесе-көлденең тұра алатынын сұраңдар. Келіңдер, таяқ жеп, диванда қымыз ішіп жатасыңдар. Жақын арада кездесеміз", – делінген "Наше дело" лигасының Instagram Stories-де

    Александр Грозиннің видеоүндеуі
    Александр Грозиннің видеоүндеуі. Скриншот: instagram.com/nashedelo.fight

    Бұл үндеуге Қуат Хамитов жауап қайтарды.

    "Сәлем, Саня. Жазалау емес, бауырым, оңай жеңу, түсінесің бе? Оңай жеңіп, орныңа қою. Бар болғаны осы", – деді "Найман" Instagram Stories-те.

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитовтың Instagram Stories-інен скриншот: instagram.com/kuat__khamitov

    Еске салайық, осыған дейін Қуат Хамитов Грозинды жекпе-жекке шақырған еді. Кейін ресейлік файтер бұл шақыруға жауап берді.

    "Таяқ жеп, қымыз ішіп жатасыңдар": ресейлік файтер Қуат Хамитовке үндеу жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.