jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа жол тартты (видео)

    Бекзат Алмаханды АҚШ-қа шығарып салу сәтінен
    Бекзат Алмаханды АҚШ-қа шығарып салу сәтінен. Фото: instagram.com/jasik_meirmanov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бекзат Алмахан 3 наурызда UFС-де дебют жасайды. Оның қарсыласы – ресейлік файтер Умар Нурмагомедов. Жекпе-жек UFC Fight Night 238 турнирі аясында Лас-Вегаста (АҚШ) болады. Қазақстандық файтер осы жекпе-жекке қатысу үшін Алматыдан АҚШ-қа аттанды.

    "Бекзат Алмахан Америкаға жолға шықты. Батырымызға дұға тілеп қояйық", – деп жазды Жасұлан Мейірманов Instagram-дағы парақшасында.

    Еске салайық, қаңтар айында Бекзат Алмахан UFC промоушенімен келісімшарт жасасты. Кейін оның UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды.

    Бекзат Алмахан Орталық Азияның үздік промоушендерінің бірі Octagon-да жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Кәсіпқой мансабында жалпы есепте 18 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберген. Десе де соңғы 9 жұдырықтасуында жеңіс тұғырынан көрінген.

    Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа жол тартты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.