jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

    Америкалық файтер Белал Мухаммад
    Америкалық файтер Белал Мухаммад. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Америкалық файтер Белал Мухаммад келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Белал Мухаммадтың X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Леон Эдвардспен маусымда кездесемін. Ал титулымды қорғау үшін өтетін алғашқы жекпе-жегім қазанда Шавкат Рахмоновқа қарсы болады", – деп жазды Белал Мухаммад.

    Қазір Белал Мухаммад UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші, ал Шавкат Рахмонов үшінші орында тұр.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жектен бас тартқаны айтылған еді. Алайда Шавкаттың менеджері Саят Абдрахманов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Менеджердің айтуынша, жекпе-жек туралы ұсыныс түспеген. Сондай-ақ қазақстандық файтер қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінде Стивен Томпсонды екінші раундтың соңына қарай тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл кездесу өткен жылы 17 желтоқсанда UFC 296 турнирі аясында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында болды.

    Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.