jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер Хабибтің бауырына қарсы жекпе-жек алдында Макгрегор туралы айтты

    Бекзат Алмахан
    Бекзат Алмахан. Фото: instagram.com/bekzatalmahan

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан ресейлік файтер Умар Нурмагомедовке қарсы өтетін UFC-дегі дебюті қарсаңында Конор мен Хабиб арасындағы жекпе-жек туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ MMA.Metaratings.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бекзат Алмахан 3 наурызда Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінің негізгі кардында Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі Умарға қарсы жекпе-жек өткізеді.

    "– Мансап жолыңыздың басында қандай жауынгерлерді үлгі тұтуға тырыстыңыз?

    – Мансабымды бастаған кезде маған Конор Макгрегор ұнады. Оның шоу, жарнама және т.б. тұрғысынан өзін қалай ұстайтыны, жекпе-жектері ерекше. Мен оның стиліне тәнті болдым.

    – Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасында жекпе-жекте кімге жанкүйер болдыңыз?

    – 50/50 болды, бірақ Хабиб біздің мұсылман бауырымыз болғандықтан, мен соған жақтастым", – деді қазақстандық файтер.

    Еске салайық, осыған дейін Умар Нурмагомедов Бекзат Алмаханмен күш сынасуға неге келіскенін айтқан еді. Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшарт жасасты.

    Қазақстандық файтер Хабибтің бауырына қарсы жекпе-жек алдында Макгрегор туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.