jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дамир Исмагуловтың ресейлік файтерге қарсы жекпе-жегі басқа күнге ауысты

    Дамир Исмагулов
    Дамир Исмагулов. Фото: instagram.com/ismagulov_damir

    Аралас жекпе-жек шебері Дамир "Qazaq" Исмагулов пен ресейлік файтер Эдуард Вартанянның "Наше дело 82" турнирі аясындағы кездесуі басқа күнге ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Наше дело" лигасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Наше Дело 82" турнирі 2 наурызда Мәскеудегі "Лужники" cпорт кешенінде өтуге тиіс болған.

    "Өткізу орнындағы техникалық себептерге байланысты "Наше Дело 82" турнирі кардты сақтай отырып, басқа күнге ауыстырылады. Билет сатып алған барлық көрерменге ақша қайтарылады", – делінген лиганың Instagram-дағы парақшасында.

    Вартаниян соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың маусымында "Гран-при АСА" турнирінің финалында қазақстандық файтер Артем Резников қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген еді. Оның MMA-дағы рекорды – 25-4.

    Ал Исмагулов cоңғы рет октагонға 2023 жылдың шілдесінде шығып, америкалық файтер Грант Доусоннан жеңіліп қалды. "Qazaq" осы уақытқа дейін 24 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан.

    Еске салайық, HFC MMA лигасының чемпионы, Тәжікстан өкілі Фазлиддин Мадрахимов Дамир Исмагуловты жекпе-жекке шақырған еді.

    Дамир Исмагуловтың ресейлік файтерге қарсы жекпе-жегі басқа күнге ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.