jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жанкүйерлер Бекзат Алмаханды әуежайдан күтіп алып, бағалы сыйлық табыстады (видео)

    Бекзат Алмаханды әуежайда күтіп алу сәті
    Бекзат Алмаханды әуежайда күтіп алу сәті. Фото: instagram.com/jasik_meirmanov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бекзат Алмаханды әуежайдан жанкүйерлер мен әріптестері күтіп алды. Жиналғандар қазақстандық файтерге құрмет білдіріп, шапан жапты. Олар осы шапанмен UFC-дің төріне шығу бұйырсын деген тілек айтты.

    Еске салайық, Бекзат Алмахан 2 наурызда UFC-де дебют жасаған еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 238 турнирінде өтті. Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедовтің туысқаны Умар Нурмагомедов болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Умар Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсті. Осылайша мансабындағы он жетінші, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бекзат Алмахан мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

    Айта кетейік, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Кейін оның промоушендегі алғашқы қарсыласы Умар Нурмагомедов болатыны анықталды.

    Жанкүйерлер Бекзат Алмаханды әуежайдан күтіп алып, бағалы сыйлық табыстады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.