Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дамир Исмагулов қатарынан үшінші жекпе-жекте жеңіліп қалды

Опубликовано:

Дамир Исмагулов
Дамир Исмагулов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Аралас жекпе-жек шебері Дамир "Qazaq" Исмагулов пен ресейлік файтер Эдуард Вартанян "Наше дело 82" турнирінде жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

33 жастағы қазақстандық файтер Ресейде өткен "Наше дело 82" турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Эдуард Вартанянмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Дамир Исмагулов төрешілердің шешімімен жеңілді. Алайда бұл жеңіс спортшылардың ММА рекордына жазылмайды. Себебі бұл кездесу кикбоксинг ережелері бойынша өтті.

Вартаниян соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың маусымында "Гран-при АСА" турнирінің финалында қазақстандық файтер Артем Резников қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген еді. Оның MMA-дағы рекорды – 25-4.

Ал Исмагулов cоңғы рет октагонға 2023 жылдың шілдесінде шығып, америкалық файтер Грант Доусоннан жеңіліп қалды. "Qazaq" осы уақытқа дейін 24 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан.

Еске салайық, бүгін UFC-де өнер көрсететін тағы бір файтер Бекзат Алмаханды әуежайдан жанкүйерлер мен әріптестері күтіп алды. Жиналғандар қазақстандық файтерге құрмет білдіріп, шапан жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2064947-damir-ismagulov-qatarynan-usinsi-zekpe-zekte-zenilip-qaldy/

pixel