Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC турнирінің басты жекпе-жегі қанға боялып, тұншықтырумен аяқталды

Опубликовано:

Марчин Тыбура
Марчин Тыбура. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Fight Night турнирінде поляк Марчин Тыбура аустралиялық Тай Туивасаны уақытынан бұрын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауыр салмақтағы (120,2 келіге дейін) спортшылар арасындағы текетірес кештің басты оқиғасы болды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, алайда алғашқы бес минутта аяқталды.

Бастапқыда Туиваса өзінің стилінде жылдам нокаутқа түсіруге тырысып, басымдыққа ие болды. Тыбура қарсыласының шабуылына төтеп бергенімен, басынан ауыр жарақат алып, әрі қарай жекпе-жек "қанды текетіреске" айналды.

Көп ұзамай поляк тейкдаун жасап, партерде үстемдікке қол жеткізді. Қарсыласының арқасынан басып, Тыбура оны тұншықтыра бастады.

Туиваса бұған ұзақ шыдады, бірақ бәрібір есінен тана бастағасын, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазір 38 жастағы Тыбураның ММА-да 25 жеңісі және 8 жеңілісі бар. Осы жекпе-жекке дейін ол UFC ауыр салмақ дәрежесінде 10-орында болды.

Туиваса қатарынан төртінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Жалпы турнир күні 31 жасқа толған аустралиялықтың еншісінде 14 жеңіс пен 7 жеңіліс бар. Ол қазір UFC ауыр салмақ дәрежесінде 9-орында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2069658-ufc-turnirinin-basty-zekpe-zegi-qanga-boyalyp-tunsyqtyrumen-ayaqtaldy/

pixel