jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Конор Макгрегор UFC-дегі мансабына қатысты жоспарын айтты

    Конор Макгрегор
    Конор Макгрегор. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC-ге оралуын асыға күтіп жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ MMA Fighting порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    35 жастағы Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде жекпе-жекке шығып, АҚШ өкілі Дастин Порьеден техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.

    "Мен оралуды және қайта қалпыма келуді асыға күтемін. Мұны шынымен қалаймын. Қазір 2024 жылдың бірінші тоқсаны, жылдың соңына дейін әлі көп уақыт бар. Менің келісімшартымда екі жекпе-жек қалды, келіссөздер жалғасып жатыр", – деді ирландиялық файтер.

    Макгрегор – жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол ММА-дағы мансабында 22 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте жеңіліске ұшыраған.

    Еске салайық, UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегордың келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасаған еді.

    Конор Макгрегор UFC-дегі мансабына қатысты жоспарын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.