jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хамзат Чимаевтің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

    Хамзат Чимаев
    Хамзат Чимаев. Фото: GIUSEPPE CACACE/AFP via Getty Images

    UFC промоушенінің президенті Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласын атады. Бұл туралы Дана Уайттың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дана Уайттың айтуынша, Хамзат Чимаев 22 маусымда алғаш рет Сауд Арабиясында өтетін UFC турнирінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, Аустралия өкілі Роберт Уиттакер.

    Осы жекпе-жекте жеңген файтер чемпиондық белбеуге үміткер атанады.

    Хамзат Чимаев соңғы рет октагонға 2022 жылдың қыркүйегінде шығып, Камару Усманды төрешілердің шешімімен жеңген еді. Оның UFC-дегі рекорды – 7-0.

    Ал Роберт Уиттакер биыл ақпанда бразилиялық файтер Пауло Костаны ұтқан болатын. Уиттакердің активінде 16 жеңіс пен 5 жеңіліс бар.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт орта салмақтағы бұрынғы чемпион Исраэль Адесанья мен Хамзат Чимаев арасында жекпе-жек өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

    Хамзат Чимаевтің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.