jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Шавкат Рахмонов чемпион болады": ресейлік файтер Петр Ян "Номад" туралы пікірін айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Петр Ян қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Gorilla Fighting Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шавкатта чемпион болуға мүмкіндік беретін барлық нәрсе бар. Ол – бірегей файтер. Он сегіз жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңген. Бұл – өте керемет нәтиже", – деді Петр Ян.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсан айында америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы өткізген еді. Бұл кездесуде Рахмонов қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Осылайша, ММА спортындағы он сегізінші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Қазір қазақстандық файтердің активінде бірде-бір жеңіліс жоқ.

    Айта кетейік, аустралиялық аралас жекпе-жек шебері Джек Делла Маддалена қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесу туралы мәлімдеме жасаған еді.

    "Шавкат Рахмонов чемпион болады": ресейлік файтер Петр Ян "Номад" туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.