jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

    Шавкат Рахмонов и Асу Алмабаев
    Шавкат Рахмонов и Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Dar Team командасының жетекшісі Бауыржан Уталиев қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza лигасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    - Cауд Арабиясында UFC турнирі өтетіні хабарланды, жекпе-жекке шығатын жұптардың көбі анықталды. Қазақстандық бірнеше файтер бұл турнирдің көркін қыздырар еді. Асу мен Шавкатқа ұсыныс келді ме?

    - Шамамен жоспар бар. Абу-Дабиде турнир қашан болады, 3 тамызда ма? Асу одан ертерек жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ал Шавкаттың жекпе-жегі кейінірек болады, біз Сауд Арабиясында болатын (22 маусымда) турнирге үлгермейміз. Асуға Абу-Дабиде жұдырықтасу туралы ұсыныс түскен, бірақ ол одан ертерек жекпе-жекке шығуы мүмкін. Қарсыласын кейінірек білесіздер, – деді Уталиев.

    Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсан айында америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы өткізіп, қарсыласын екінші раундта жеңген еді.

    Ал Асу Алмабаев биыл наурызда Майамиде өткен UFC 299 турнирі аясында АҚШ өкілі Си Джей Вергараны төрешілердің шешімімен ұтты.

    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.