Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Видео түсіргенше, дайындал": Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтермен үшінші рет жекпе-жекке шықпақ

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов
Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық актер және аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Одилхон Камоловпен октагонда үшінші рет кездеспек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Одильхон үшінші жекпе-жек сұрап жатыр екен, реванш беремін уайымдама. Бірақ видео түсіргенше, дайындал, әйтпесе, осылай отырғызып жіберемін", – деп жазды Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камоловтың алғашқы жекпе-жегі 2022 жылы Octagon 33 турнирінде өткен еді. Бұл кездесуде өзбекстандық файтер үшінші раундта ұтып кеткен болатын.

Кейін екі файтер биыл 10 наурызда Алматыда өткен Octagon 56 турнирінде екінші рет жекпе-жекке шықты. Үш раундқа созылған айқаста Еркебұлан Тоқтар төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Қазір Еркебұланның активінде 7 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Ал Одилхонның MMA-дағы рекорды – 4-3.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2085629-video-tusirgense-daiyndal-erkebulan-toqtar-ozbekstandyq-faitermen-usinsi-ret-zekpe-zekke-syqpaq/

pixel