jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқан қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай. Фото: instagram.com/muratbek_kassymbay

    Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-5) Иран өкілі Мухаммад Хейбатимен (5-3) екінші рет жекпе-жекке шығады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мұратбек Қасымбайдың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Екі файтер арасындағы реванш 14 маусымда Алматыда ресейлік Hardcore FC промоушенінің турнирі аясында өтеді.

    Мұратбек Қасымбай мен Мухаммад Хейбати алғаш рет октагонда 2020 жылдың желтоқсанында кездескен еді. AMC Fight Nights 99 турнирінде өткен жекпе-жекте Хейбати төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

    "Қазақ терминаторы" лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында "Наше дело 81" турнирінде өткізді. Ол Ресей өкілі Александр Грозинмен кездесіп, есе жіберді. Осылайша, мансабында 5-рет жеңіліске ұшыраған еді.

    Еске салайық, Мұратбек Қасымбай UFC промоушенімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

    UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқан қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.