jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбелік файтер Шавкат Рахмановтың менеджерімен келісімшартқа отырды

    Нұрбек Қабдрахманов
    Нұрбек Қабдрахманов. Фото: instagram.com/kabdrakhmanov.nurbek

    Naiza лигасының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Нұрбек Қабдрахманов Rubyse басқарушы компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Rubyse компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Rubyse компаниясының өкілі – қазақстандық MMA-менеджер Саят Абдрахманов. Ол – Шавкат Рахмонов, Арман Царукян, Петр Ян, Рафаэль Физиев және тағы басқа да аралас жекпе-жек шеберлерінің менеджері.

    Нұрбек Қабдрахманов соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында Naiza FC 55 турнирінде жекпе-жекке шыққан еді. Оның қарсыласы ресейлік файтер Мухаммед Эминов болды. Кездесу бес раундқа жоспарланғанымен, Қабдрахманов үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, жеңіл салмақта Naiza лигасының чемпионы атанды.

    Еске салайық, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай жақында UFC промоушенімен келісімшартқа отыруы мүмкін.

    Ақтөбелік файтер Шавкат Рахмановтың менеджерімен келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.