Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

UFC промоушенінің орта салмақ рейтингінде 3-орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) октагонға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Вестник ММА" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін күзде өткізетінін мәлімдеді. Осыған дейін DAR Team командасы Шавкаттың жазда төбелесуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Дегенмен, спортшының өзі күзде қатарға қосылатынын айтты.

"Әзірге ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Өйткені, мен күзде дайын боламын. Бәлкім қыркүйек немесе қазан айларында шығар. Көреміз. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Жаттығуды енді бастадық", – деді Рахмонов.

"Номад" нақты кіммен жұдырықтасатыны да белгісіз. Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

"Меніңше, келесі қарсыласым Маддалена болады. Жоспарда Майкл Пейдж де бар. Шын айтсам, маған бәрібір кіммен төбелесетінім. Бастысы – тезірек титулдық жекпе-жек алуым. Күтуім керек. Нақты ешнәрсе айта алмайсың, біреу жарақат алып қалады, тағы басқа жағдайлар болуы мүмкін", – деді Шавкат Рахмонов.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2091578-shavkat-rahmonov-kelesi-qarsylasy-men-zhekpe-zhek-uaqytyn-aitty/

pixel