jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC промоушенінің турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін бе: MMA-менеджері жауап берді

    Азат Мақсұм октагонда
    Азат Мақсұм октагонда. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    "Octagon" аралас жекпе-жек лигасының президенті, промоутер және менеджер Нұраддин Садықов келешекте UFC турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Хабар" телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бұл туралы мен келіссөздер жүргізуді бастадым. Азиядағы ең мықты ұйымдардың біріміз, мықты файтерлер шығып жатыр деп өзімізді таныстырып жатырмыз. UFC турнирін Қазақстанда өткізу мүмкін емес нәрсеге жатпайды. Бізден Азат, Бекзат, Шавкат сияқты мықты жұлдыздар шығуы керек.

    Кемінде 10-15 жұлдызымыз болса, даусымыз зор шығып, кесек-кесек сөйлей алатын едік. Бұл біз сияқты белгілі бір ұжымдар ғана мойнына алатын нәрсе емес. Мемлекеттен қолдау болса өткізуге болады деп ойлаймын", – деді Нұраддин Садықов.

    Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де қазақстандық 6 файтер өнер көрсетеді. Олар: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Азат Максұм, Сергей Морозов және Мария Агапова.

    UFC промоушенінің турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін бе: MMA-менеджері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.