jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mmafighting.com cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған рейтингте Рахмонов 20-орынға жайғасқан. Бұл тізімге қазақстандық аралас жекпе-жек шебері алғаш рет қосылып отыр.

    Рейтингте Ислам Махачев көш бастап тұрса, Алекс Перейра екінші, Леон Эдвардс үшінші орынға табан тіреген.

    Салмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтер
    Салмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтер. Фото: mmafighting.com

    Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген еді. Шавкаттың MMA-дағы рекорды – 18-0.

    Айта кетейік, DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

    Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.