jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды

    Александр Шлеменко мен Қуат Хамитов
    Александр Шлеменко мен Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкоға есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко Екатеринбургте (Ресей) өткен RCC 19 турнирінде кездесті. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27).

    Қазір Шлеменконың есебінде 65 жеңіс, 15 жеңіліс бар. Бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түссе, тағы бір жекпе-жегі нәтижесіз аяқталған.

    Ал Хамитов кәсіпқой MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар. Бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.

    Еске салайық, Қуат "Найман" Хамитов Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жібергенін жазған едік.

    Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.