jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық ММА жауынгері: Конор Макгрегордың менеджерлері маған UFC-дің келісімшартын ұсынады

    Әліби Ыдырыс
    Әліби Ыдырыс. Фото: instagram.com/alibi_idiris

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс Paradigm Sports компаниясымен келісімшарты туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айта кетейік, Paradigm Sports компаниясының ең танымал клиенттерінің бірі – UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор.

    "Мен Нұрбек Қарабала ағамыздың қолдауымен Paradigm Sports агенттігінің менеджерлерімен екі жылға келісімшартқа отырдым. Шарт бойынша олар 2025 жылдың қаңтарына дейін мені UFC-мен келісімшартқа отырғызуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса, келісімшартты бұзуға құқығым бар. Өздерінің жұмысы үшін олар жекпе-жектерден түскен гонорардан 10% көлемінде ақыларын алады", - деді Әліби Ыдырыс.

    Қазақстандық файтер аса жеңіл салмақ дәрежесінде (57 кг дейін) өнер көрсетеді. Оның кәсіби ММА-дағы рекорды – 8-0.

    Әліби келесі жекпе-жегін 18 мамырда NAIZA мен AMC Fight Night лигаларының бірлескен турнирінде өткізеді.

    Қазақстандық ММА жауынгері: Конор Макгрегордың менеджерлері маған UFC-дің келісімшартын ұсынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.