jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жұдырықтаспақ болғанын айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен UFC 300 турнирінде жекпе-жекке шықпақ болған. Бұл туралы Эдвардс The MMA Hour подкастында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін Леон Эдвардс 27 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304 турнирінде америкалық файтер Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жек өткізетіні ресми түрде хабарланған еді.

    "Мен олардан (UFC) Белалмен жекпе-жекке шығаруын сұрадым. Бірақ олар маған UFC 300 турниріне үш қарсылас ұсынды. Мен "Белал ше?" деп сұрағанымда, олар бас тартты", - деді Леон.

    – Саған Ислам Махачев, Шавкат Рахмонов және Хамзат Чимаевпен жұдырықтасуды ұсынғаны рас па?

    – Иә, мен олармен жекпе-жекке шығуға келістім, бұл менің мансабыма пайдалы болар еді. Бірақ одан ештеңе шықпады", - деді жауап берді спортшы.

    Еске салайық, мерейтойлық UFC 300 турнирі 14 сәуірде өтті. Махачев пен Чимаев Рамазан айында жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді. Ал Шавкат Рахмонов 2023 жылдың желтоқсанында Томпсонмен жекпе-жегі алдында тобығын жарақаттап алғанына байланысты жекпе-жектен бас тартқан болатын.

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жұдырықтаспақ болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.