Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының бапкері Шавкат Рахмоновты жаттықтырып жүр

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов жаттығу залында
Шавкат Рахмонов жаттығу залында. Фото: inform.kz

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бұрын Жәнібек Әлімханұлын жаттықтырған Мұрат Сиқымбаевтың жетекшілігімен соққы беру әдістерін жетілдіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шавкат Рахмоновпен соққы техникасымен жұмыс істеу туралы ұсыныс түскенде, ойланбастан келістім. Біріншіден, бұрынғы тәрбиеленушім, қазір дарынды жаттықтырушы Ораз Алдыбаевтан бас тарта алмадым, екіншіден, заманымыздың көрнекті жекпе-жек шеберін тәрбиелеуге өз үлесімді қосқым келді. ММА-да соққыдан басқа, жекпе-жектің техникалық және тактикалық арсеналы болуы керек. Шавкатпен аптасына үш рет жаттығамыз. Басқа күндері Рахмонов күрес элементтеріне және күш жаттығуларына назар аударады. Шавкат – қыруар жұмыс атқаратын кәсіби маман", - деді Cиқымбаев.

Бапкер Шавкат Рахмоновпен жаттығуды бастамас бұрын оның ММА-дағы барлық жекпе-жегін қайта қарап шыққан. 

"Шавкаттың көрсеткіштері керемет – 18-0 және оның жеңісті сериясын алдағы көп жылдар бойы жалғастыруға мүмкіндігі бар. UFC-де танымал болғанымен, мен классикалық, дәстүрлі спортты жақтаймын. Бүкіл ғұмырымды боксқа арнадым. Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын дайындадым. Әрине, Шавкат Рахмоновпен жұмысты бастамас бұрын оның жекпе-жектерін жан-жақты талдап көрдім", - деді Мұрат Сиқымбаев.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов техникасын шыңдап жатқанын айтқан еді. Оның келесі жекпе-жегі күзде өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2104821-zhanibek-alimhanulynyng-bapkeri-shavkat-rahmonovty-zhattyqtyryp-zhur/