jitsu gif
Спорт

    "Техниканы шыңдап жатырмыз": Шавкат Рахмонов жаттығу барысын көрсетті (видео)

    Шавкат Рахмонов жаттығу залында
    Шавкат Рахмонов жаттығу залында. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат "Номад" Рахмонов келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Номад" Instagram желісіндегі Stories-ке Dar Team командасының залында жаттығып жатқан сәтінен видео жариялады.

    "Техниканы шыңдап жатырмыз", - деп жазды қазақстандық файтер.

    Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша, MMA спортындағы 18-жеңісіне қол жеткізді.

    Шавкат келесі жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Қазақстандық файтерді аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов алғаш рет cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді.

    "Техниканы шыңдап жатырмыз": Шавкат Рахмонов жаттығу барысын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.