Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нурмагомедов дисквалификациядан кейін чемпиондық атағын бірінші рет қорғайды

Опубликовано:

Усман Нурмагомедов
Усман Нурмагомедов. Фото: Amy Kaplan/Icon Sportswire via Getty Images

Bellator чемпионы Усман Нурмагомедов Сан-Диегода (АҚШ) өтетін турнирде жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ лиганың X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Хабиб Нурмагомедовтың кіші немере інісінің қарсыласы қатарынан тоғыз жеңіске жеткен (24-3) ресейлік файтер Александр Шаблий болады.

Жекпе-жек 7 қыркүйекте өтеді және бұл кездесу Сан-Диегодағы Печанга Аренада өтетін Bellator турнирінің басты жекпе-жегі болады.

26 жастағы Усман Нурмагомедов кәсіпқой ММА-да 18 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сін жеңіспен аяқтаған. Оның америкалық Брент Примуспен соңғы жекпе-жегі ресейліктің допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарамсыз деп танылды.

Жекпе-жектен кейінгі сынақтың нәтижесі бойынша Нурмагомедовтың бойында тыйым салынған зат анықталды. Спортшының командасының айтуынша, бұл дәрігер тағайындаған арнайы дәріде болған.

Сол оқиғадан кейін спортшы алты айға жарыстан шеттетіліп, оған 50 мың доллар айыппұл салынды. Бірақ ол белбеуінен айырылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2119953-nurmagomedov-diskvalifikatsiiadan-keiin-chempiondyq-atagyn-birinshi-ret-qorgaidy/