Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала туып, үйде отырмай ма": MMA-мен айналысатын қазақ қызы сыни пікірлерді жиі еститінін айтты

Опубликовано:

Алтынай Мергенбай
Алтынай Мергенбай. Фото: instagram.com/altinai_mergenbai

Қазақстандық спортшы Алтынай Мергенбай аралас жекпе-жекке қалай келгені, жоспары және жұрттың сыны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Алтынай, аралас жекпе-жекке деген қызығушылығыңыз қалай басталды? Джиу-джитсу және ММА-мен кәсіби түрде айналысуға деген ұмтылыс қашан пайда болды? Бұл шешімге күйеуіңіз әсер етті ме?

– Жекпе-жекке деген қызығушылығым кішкентай кезімнен басталған. Әкем кішкентайымнан үйде спортпен айналастырған. Спортты кәсіби түрде 14 жасымда бастадым. Кикбоксинг спортына барып, оған өмірімнің үш жылын арнадым. Екі дүркін Қазақстан чемпионы атанып, 2019 жылы джиу-джитсу және ММА-мен айналыса бастадым. Дәл сол жылы осы спортқа келіп, күйеуімді жолықтырдым. Жарымның қолдауымен біраз жетістікке жеттік.

– "Әйелдерге төбелесуге орын жоқ, ММА – бұл еркектердің спорты" деген пікірді естідіңіз бе?

- Әрине, көп естимін. "Бұл қыздардың спорты емес, төбелеспей үйде бала туып отырмай ма" дейді көп пікірлер. Мен бұл пікірге қарсымын.

– Алдағы мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз қандай?

– Алдағы уақытта джиу-джитсудан әлем чемпионаты мені күтіп тұр. Осы жарыста бар күш-жігерімді салып, әлемдік аренада әнұранымызды шырқатқым келеді. Бұдан бөлек, Alash Pride-тың белбеуін жеңгім келеді. Шетелдік промоушендардан да ұсыныстар түсіп жатыр. Қазақстаннан тыс аймақтарда өзімді көрсету ойда бар.

Айта кетейік, Алтынай Мергенбай – джиу-джитсудан әлем кубогының және Азия чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2124396-bala-tuyp-uide-otyrmai-ma-mma-men-ainalysatyn-qazaq-qyzy-syni-pikirlerdi-zhii-estitinin-aitty/