jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Күнде жаттығу жасаймын": UFC-мен келісімшарт жасасуға үмітті қазақстандық файтер жоспарларын айтты

    Дияр Нұрғожайдың командасы
    Дияр Нұрғожайдың командасы. Фото: instagram.com/nurgozhay_diyar/

    Кәсіпқой ММА-да жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай Legalbet.kz сайтына берген сұқбатында Дана Уайттың Contender Series турниріне дайындығы жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг дейін) өнер көрсететін қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алғанын жаздық. Ол осы жылы Дана Уайт Contender Series турнирінде бақ сынайды. Егер жеңсе, негізгі промоушенмен келісімшарт жасасады.

    "Иә, мен келісімшарт жасастым. Шамамен осы жылы күзде, қыркүйекте жекпе-жекке шығуым мүмкін. Оқу-жаттығу жиындарын қай жерде өткізетінімді білмеймін. Негізі қазіргі дайындығым жақсы. Күнде жаттығу жасап жүрмін. Қарсыласым поляк спортшысы сияқты. Қызық жекпе-жек көрсетеміз", - деді файтер.

    Еске салайық, Дияр Нұрғожай – Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC промоушенінің чемпионы. Ал оның рекорды 9-0.

    "Күнде жаттығу жасаймын": UFC-мен келісімшарт жасасуға үмітті қазақстандық файтер жоспарларын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.