jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Осында арғы аталарым жерленген": Резников неге үнемі Қазақстан туын ұстап шығатынын айтты

    Артем Резников
    Артем Резников. Фото: instagram.com/artem.rez

    MMA спортшысы Артем Резников неге жекпе-жектерге үнемі Қазақстан туын ұстап шығатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Мен 12 жаста болғанда, командамен бірге Шығыс Қазақстаннан Ресейдің Белово қаласына жарысқа бардық. Өскемендік жігіттер ту алып барды, ал мен риддерлікпін. Біздің спортшылардың бәрі жеңіліп қалды, мен ғана чемпион атандым. Жеңісімнен кейін маған ту берді. Мен туды ұстап тұрып ерекше сезімде болдым. Сол cәттен бері туды тастамаймын.

    Менің бүкіл туысым Қазақстанда. Әкем арғы аталарым мен әжелерім Қазақстан даласында жерленгенін айтты. Қандай себеппен қай жерде жүрсек те отанымызды сатпауымыз керек", - деді Резников Youtube желісіндегі Naiza TV арнасына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, Артем Резников 28 маусымда Сочиде өткен АСА177 турнирінде ресейлік Мұхамед Коковты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Резниковтың MMA-дағы рекорды – 25-8.

    "Осында арғы аталарым жерленген": Резников неге үнемі Қазақстан туын ұстап шығатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.