Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нокаутқа түсіремін": Жалғас Жұмағұлов Данияр Елеусіновпен жаттығып жүр (фото)

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусіновпен бірлескен жаттығу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ файтердің Х желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Жалғас Жұмағұлов Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Мен бүгін бокс залында бокстан Олимпиада чемпионы әрі досыммен бірге жаттығу жасадым. Болашақта қарсыластарымды нокаутқа түсіру үшін қолымды шынықтырып жүрмін", - деп жазды.

Еске салайық, қазіргі уақытта Жалғас пен Данияр АҚШ-та өздерінің келесі жекпе-жектеріне дайындалып жатыр.

Жалғас Жұмағұлов бұған дейін осы жылдың ақпан айында Алматыда өткен Naiza FC 57 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Кливленд Маклинді жеңген болатын. Қазақстандық файтер өз мансабында 25 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіске қол жеткізсе, 9 рет жеңіліс тапқан.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын, кейіннен кездесулердің болмауына байланысты бұл титулдан айырылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2129376-nokautqa-tusiremin-zhalgas-zhumagulov-daniiar-eleusinovpen-zhattygyp-zhur-foto/