jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жалғас Жұмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегі қашан және қайда өтетінін айтты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (16-9) Oktagon промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегі қашан және қайда болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Oktagon промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жекпе-жегінің болатын күні мен орнын жариялады.

    "Күні белгілі, қарсылас бар, 9 қараша, Словакия", - деді ол Instagram желісіндегі Stories-ке жариялаған видеосында.

    17 қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов өзінің мансабын Оktagon промоушенінде жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

    Осыған дейін ол UFC промоушенінде бақ сынаған. Қазақстандық файтер бұл промоушенде 7 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізген болатын. Сол кездесуде ол америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп шықты.

    Жалғас Жұмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегі қашан және қайда өтетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.