jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Алдымен ағылшынша бірдеңе айтып алсын": UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты келемеждеді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) ағылшын тілін білмеуі туралы тосын пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов бірнеше рет әлеуметтік желі арқылы Белал Мухаммадты жекпе-жекке шақырып, чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге ынталы екенін білдірген еді.

    "Шавкатпен кездесудің мәні зор, өйткені ол әлі жеңіліп көрмеген. Бірақ Иан Гарри де әлі жеңіліс таппаған. Барлығы Шавкат туралы айтады, ол біздің дивизиондағы барлық жауынгердің үрейін тудырып жүр.

    Менің жағдайым мүлде басқаша болды. Мен Гилберт Бернспен қысқа мерзімде жекпе-жек өткізуге мәжбүр болдым, тек сол арқылы ғана үміткерлер қатарына қосыла алдым. Ал Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласы Стивен Томпсон болатын. Стивен Томпсон сол кезде жеңілістер сериясында жүрген еді.

    Шавкат мені арандатуға тырысып жүр, бірақ ол тіпті ағылшынша сөйлемейді! Алдымен ағылшынша бірдеңе айтып алсын, сосын барып менімен трэш-токқа кіріссін," - деді Белал Мухаммад YouTube желісіндегі Mighty арнасына берген сұқбатында.

    Сондай-ақ Белал Мухаммад чемпиондық атағын қорғау үшін отандасы Камару Усманнан гөрі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығуды жөн көретінін айтқан еді.

    Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізген еді. Ол америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

    "Алдымен ағылшынша бірдеңе айтып алсын": UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты келемеждеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.