jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    UFC Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (20-2) 19 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық спортшы Матеус Николауға (19-4-1) қарсы кездесу өткізеді.

    "UFC-де 3 жекпе-жек өткізіп, 3 жеңіске жетіп және қарсыластарға ешқандай мүмкіндік қалдырмады! Алдағы демалыс күндері Асу Алмабаев ең жеңіл салмақтағы үздік 10 спортшының қатарына кіруі мүмкін", - делінген UFC Eurasia-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан. Бұл салмақ дәрежесінде бразилиялық Александр Пантожа көш бастап келеді.

    Рейтингте 14-орында тұрған Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

    Ал рейтингте 7-орында тұрған Матеус Николау соңғы жекпе-жегін биылғы жылдың сәуір айында UFC on ESPN 55 турнирінде өткізді, онда Алекс Перезге қарсы шығып, екінші раундта нокаутқа түсіп жеңілді. Николау мансабында 19 жеңіске жетіп, 4 жеңіліске ұшырап, 1 тең нәтижеге қол жеткізген.

    UFC Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.