jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Титулды Қазақстанға алып келемін": Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында сұқбат берді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта Белал Мухаммадпен UFC чемпионы атағын сарапқа салатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Вестник ММА" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеді.

    "Осы жекпе-жек – тағы бір белесті еңсеруге, жоғарыға көтірілуге мүмкіндік беретін жауапкершілік, баспалдақ. Мен UFC чемпионы атанғым келеді, сол үшін барымды салып жаттығып жатырмын. Көреміз, жекпе-жек бәрін көрсетеді. Белал Мухаммад мықты қарсылас", - деді Шавкат.

    Айта кетейік, қазір Белал Мухаммад Хабиб Нурмагамедовтің командасымен жаттығу жасап жүр. Осы орайда Шавкат Белалдың деңгейі қаншалықты өскені туралы пікір білдірді.

    "Олардың да үлесі бар екені анық, бірақ Белал онсыз да өте еңбекқор. Ол үнемі жаттығып жүреді, қашан қарасаң да залда. Жарайсың, сәттілік деу керек. Екеуміз кездескенде, нағыз мықты ғана жеңсін деймін. Мен бар күшімді саламын. Мен титулды Қазақстанға алып келгім келеді. Барлық қазақстандық жанкүйерді қуантсам деймін", - деді Рахмонов.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы алты жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет ол 2022 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал Белал Мухаммад шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанды.

    "Титулды Қазақстанға алып келемін": Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында сұқбат берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.