jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "UFC-ден бұрын қаражатты қайырымдылыққа жұмсауымыз керек": Шавкат спортқа кететін шығынды айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC файтері Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC кеші қашан өтетіні туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Вестник ММА" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесуіне дайындықты Қазақстанда бастайтынын айтты.

    "Мен бұл жекпе-жекке дайындығымды Қазақстанда бастаймын, содан кейін Килклифтегі лагерьге барамын. Жекпе-жекке бір апта қалған уақытта Лас-Вегаста боламын. Белал – еңбексүйгіш файтер. Бұл кездесуде мықтының мықтысы жеңеді. Мен бұл титулды иемдену үшін бар күшімді салуға дайынмын", - деді Шавкат Рахмонов.

    Сондай-ақ ол UFC-дің арнайы кеші Қазақстанда қашан өтетіні туралы сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, біздің ел UFC кешін өткізуден бұрын оның трансляциясын да сатып алмаған.

    "Қазақстанда да өз турнирлеріміз бар, бірақ үлкен шаралар туралы айтуға әлі ерте. Біз UFC кешін елімізде өткізуден бұрын, алдымен трансляция мәселесін жолға қоюымыз керек. Спорт – жақсы нәрсе, бірақ оған көп қаражат жұмсалады. Менің ойымша, қаражатты бұдан да маңызды қажеттіліктерге, қайырымдылыққа жұмсаған дұрыс. Спорт артық шығындардың есебінсіз дамуы керек", - деді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеген еді.

    "UFC-ден бұрын қаражатты қайырымдылыққа жұмсауымыз керек": Шавкат спортқа кететін шығынды айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.