jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    UFC жауынгері Асу Алмабаевтың жекпе-жегі: қашан және қайдан көруге болады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    20 қазанда қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Асу Алмабаев бразилиялық файтер Матеус Николаумен (19-4-1) кездеседі. Бұл жекпе-жектің тікелей көрсетілімін UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:30-да басталады.

    Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан. Бұл салмақ дәрежесінде бразилиялық Александр Пантожа көш бастап келеді.

    Рейтингте 14-орында тұрған Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

    Ал рейтингте 7-орында тұрған Матеус Николау соңғы жекпе-жегін биылғы жылдың сәуір айында UFC on ESPN 55 турнирінде өткізді, онда Алекс Перезге қарсы шығып, екінші раундта нокаутқа түсіп жеңілді. Николау мансабында 19 жеңіске жетіп, 4 жеңіліске ұшырап, 1 тең нәтижеге қол жеткізген.

    UFC жауынгері Асу Алмабаевтың жекпе-жегі: қашан және қайдан көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.