jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов қарындасының аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері. Сора Рахмонова кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион секілді спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері атанған.

    "Қазір қарындасым тұрмыста. Менің ойымша оған енді күйеуі жауапты болады және оның спорттық мансабы туралы шешімді екеуі бірігіп қабылдайды. Оған енді аралас жекпе-жекпен айналысудың қажеті шамалы деп санаймын.

    Тұрмысқа шыққаны маған жақсы болды. Қазір мен оның спорттық мансабы туралы бас қатырмаймын. Күйеуі жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұрын менде бұл жауапкершілік болды, әрине, қолдадым. Бірақ қазір оған бұл спорт түрімен айналысудың керегі жоқ деп ойлаймын", - деді Шавкат Рахмонов YouTube желісіндегі "Hustle Show" подкастында.

    Айта кетейік, Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC 310 турнирінде кездеседі.

    Шавкат Рахмонов қарындасының аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.