jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "UFC чемпионы атағына таласамын": Асу Алмабаев өзінің алдағы жоспарлары туралы айтты

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев бразилиялық Матеус Николаумен өтетін кездесуі алдында UFC чемпионы атағына үміткер болу туралы жоспарын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Егер дәл осылай менің жеңісті жолым жалғаса берсе, келесі жылы 100% UFC чемпионы атағы үшін таласатын үміткер боламын. Қазіргі уақытта біздің дивизионда түрлі өзгерістер болып жатыр. Егер қатарынан жеңіске жетіп, көзге түссең, кез келген сәтте чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуың мүмкін. Кім аш болса, сол әрдайым жеңіске жетеді. Рейтингтегі үздік топ-5 қатарындағы барлық жауынгер тең дәрежеде деп ойлаймын, ал жеңіс жекпе-жек жоспары мен жауынгерлік ақыл-парасатқа байланысты болады", - деді Асу Алмабаев.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Матеус Николаудың жекпе-жегі 20 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде болады. Бразилиялық спортшыны жеңген жағдайда Асу Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде үздік 10 спортшының қатарына кіруі мүмкін.

    "UFC чемпионы атағына таласамын": Асу Алмабаев өзінің алдағы жоспарлары туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.