Спорт

Зектілері

Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (20-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Асу Алмабаев бразилиялық файтер Матеус Николауға (19-4-1) қарсы жекпе-жек өткізді, Үш раундқа жоспарланған кездесуде Асу Алмабаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Матеус Николау UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрған еді, ал Асу Алмабаев бұл тізімде 14-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады.

Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2176335-asu-almabaev-ufc-degi-tortinshi-zhengisine-qol-zhetkizdi/