jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC титулына таласатын Шавкат Рахмоновқа мықты спарринг-серіктес табылды

    Саид Сапаров, Шавкат Рахмонов және Ермак Карданов. Фото
    Саид Сапаров, Шавкат Рахмонов және Ермак Карданов. Фото: instagram.com/kardanov_ermak

    7 желтоқсанда UFC чемпиондығына таласатын қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа спарринг-серіктес табылды. Оған Словакия намысын қорғап жүрген Ресей тумасы, еркін күрес шебері Ермак Карданов көмектесетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Рахманов пен Кардановтың бірге түскен суретін Kill Cliff залының жаттықтырушысы Саид Сапаров Instagram желісіндегі парақшасына жариялап, "Маңызды коллаборация болайын деп тұр", - деп жазды.

    Ал Карданов Instagram Stories-ке "Бауырымның дайындығына ұшып келдім, тек алға" деген жазба қалдырды.

    Айта кетейік, Ермак Карданов – күрес түрлері бойынша Еуропа-2023 чемпионатының қола жүлдегері.

    Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші жекпе-жек болмақ. Ол соңғы кездесін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

    Ал Белал Мұхаммад биыл шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

    UFC титулына таласатын Шавкат Рахмоновқа мықты спарринг-серіктес табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.