jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Күніне 2-3 рет төбелесетінмін": Шавкат Рахмонов балалық шағын еске алды

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Скриншот: youtube.com/@NAIZATV

    UFC файтері Шавкат Рахмонов YouTube желісіндегі "Naiza TV" арнасына берген сұқбатында бала кезіндегі естеліктерін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бала кезімде өте көп төбелестім. Тіпті кей кездері төбелескім келмейтін де еді... Егер адам әркіммен бір соқтығыса берсе, оның төбелесуге деген құлқы да жойылады екен.

    Үлкен ағам мені кез келген адаммен төбелестіретін. Ол адамдар менен 2-3 жас үлкен болса да, тай салмай төбелеске кіріп кете беретінмін. Тіпті күніне 2-3 рет төбелесетінмін. Бірақ есейе келе, ой толыса бастаған шақта мен төбелескім келмеді. Құлшынысым жоғалды", - деді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші кездесуі болмақ.

    "Күніне 2-3 рет төбелесетінмін": Шавкат Рахмонов балалық шағын еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.