jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмоновтың чемпиондық жекпе-жегі өтпейтін болды

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі чемпиондық жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл ақпаратты Шавкаттың командасы растады, деп KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартқан.

    Шавкат Рахмоновтың командасы бұл жекпе-жектің өтпейтінін растады. Қазіргі таңда Шавкаттың UFC 310 турнирінде басқа қарсыласпен шығуы мүмкін бе немесе чемпион Белал Мухаммадпен жекпе-жекті күте ме деген сұрақ төңірегінде келіссөздер жүргізілуде.

    Бұған дейін аустралиялық инсайдер Брэндон Брэдфорд Х желісіндегі ресми парақшасында Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсы кездесуден бас тартқаны туралы айтқан болатын.

    Сондай-ақ шетелдік инсайдер бұл ақпарат нақтыланған кезде UFC Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас тауып беретінін жеткізді.

    Шавкат Рахмоновтың чемпиондық жекпе-жегі өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.