jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың уақытша титул үшін кездесу өткізуге қарсы екенін айтты

    Белал Мухаммад
    Белал Мухаммад. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Белал Мухаммад қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жартылай орта салмақтағы уақытша титулы үшін жекпе-жек өткізуге қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтініне қатысты пікір білдірген болатын. Қазақстандық жауынгердің айтуынша, ол уақытша титул үшін кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайын.

    "Уақытша титул дейсің бе, бауырым? Мен 6 айға емес, бар болғаны 6 апта жарыстан шет қалдым. Шавкат пен оның командасы басты жекпе-жекте уақытша титул үшін айқасқысы келеді. Оларға мұндай мүмкіндік берілмейтін шығар деп ойлаймын.

    Иэн Гэрридің қарсыласы бар, ал уақытша титул үшін жекпе-жекте ол тек Камару Усманмен кездесуі мүмкін", - деді Белал Мухаммад YouTube желісіндегі Anik & Florian Podcast арнасына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

    Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың уақытша титул үшін кездесу өткізуге қарсы екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.