Спорт

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мухаммадқа үндеу жасады

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтініне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Белалдың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Сен 100% жазылған кезде жолығамыз. Ал әзірге мен уақытша титул үшін UFC 310 турнирінде кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - деп Рахмонов X желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Айта кетейік, Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы титулды жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болады деп жоспарланып еді. Бірақ жекпе-жек өтпейтін болды. Оған Белал Мухаммадтың инфекция жұқтырып алғаны себеп болғаны анықталды. Америкалық файтер желідегі парақшасында ауруханада жатқан видеосын жариялады.

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2181581-shavkat-rahmonov-ufc-chempiony-belal-muhammadqa-undeu-zhasady/