jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    UFC чемпионы Ислам Махачевтің келесі қарсыласының есімі белгілі болды

    Ислам Махачев
    Ислам Махачев. Фото: Giuseppe Cacace / Getty Images

    Абдулманап Нурмагомедов атындағы жекпе-жек мектебінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Ислам Махачевтің UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, Ислам Махачевтің (26-1) келесі қарсыласы армениялық жауынгер Арман Царукян (22-3) болмақ. Бұған дейін олар 2019 жылы ке-здесіп, Ислам Махачев жеңіске жеткен. Ол кезде Арман Царукян UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

    Ал қос файтер арасындағы екінші жекпе-жек 2025 жылдың 18 қаңтарында Лос-Анджелесте UFC 311 турнирі аясында өтеді деп жоспарлануда. Ислам Махачев соңғы үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған.

    Айта кетейік, Ислам Махачев биыл 1 маусымда Дастин Порьені тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-дегі чемпиондық атағын қорғаған.

    Ал Арман Царукян биыл 13 сәуірде Чарльз Оливейраны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген.

    UFC чемпионы Ислам Махачевтің келесі қарсыласының есімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.