jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов желтоқсанда кіммен кездеседі: файтердің менеджері жауап берді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов спортшының келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәліметтерді бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bookmaker-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

    Шавкат Рахмоновтың айтуынша, Белал Мухаммад жақын арада толық сауығып үлгермеуі мүмкін.

    "Менің ойымша, Белалдың 6 аптада сауығып кетуі екіталай. Джек Делла Маддаленаның да осындай инфекциялық мәселесі болды, ол әлі күнге дейін жазылған жоқ. Оған біраз уақыт қажет болуы мүмкін", - деді Шавкат Рахмонов.

    Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта басқа да лайықты қарсыластардың бар екенін айтып, уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді.

    "Егер мен уақытша чемпион болсам, Белалдың титулы да сақталады, әрі кейінірек чемпиондар арасындағы үлкен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік туады. Мен Усманның маған қарсы шығуға дайын екеніне сенімдімін", - деп пікір білдірді Шавкат Рахмонов.

    Ал файтердің менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Камару Усманмен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

    "Мен бұл ұсыныстың Камару Усманға да жеткеніне сенімдімін", - деді Саят Абдрахманов.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

    Шавкат Рахмонов желтоқсанда кіммен кездеседі: файтердің менеджері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.