jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жалғас Жұмағұлов еуропалық промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (16-9) еуропалық OKTAGON промоушеніндегі дебюттік кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жалғас Жұмағұлов еуропалық OKTAGON лигасындағы алғашқы кездесуін Братиславада (Словакия) Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізді. Нәтижесінде Жалғас Жұмағұлов 3 раундқа созылған кездесуде төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Бұл 36 жастағы Жалғас Жұмағұловтың чех-словакиялық промоушендегі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ал Эйби болса, осы ұйымның чемпиондық белбеуі үшін екі рет айқасқа түсіп, екеуінде де жеңіліске ұшыраған.

    Осыған дейін ол UFC промоушенінде бақ сынаған. Қазақстандық файтер бұл промоушенде 7 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізген болатын. Сол кездесуде ол америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп шықты.

    Жалғас Жұмағұлов еуропалық промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.