jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азат Мақсұмды жеңген америкалық файтер енді тағы бір қазақпен жұдырықтаспақ

    Азат Мақсұм және Чарльз Джонсон
    Азат Мақсұм және Чарльз Джонсон. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Ең жеңіл салмақта жұдырықтасатын UFC файтері Чарльз Джонсон (17-6) алдағы уақытта кіммен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    X желісінде жанкүйелердің бірі Чарльзден келесі қарсыласы кім болғанын қалайтынын сұраған. Джонсон үш есімді атады, олардың арасында қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (21-2) та бар.

    "Асу Алмабаев, Алекс Перес, Стив Эрцег немесе үздік ондыққа кіретін кез келген файтер", - деп жауап берді америкалық спортшы.

    Қазір UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде Чарльз Джонсон 13-орында, ал Асу Алмабаев 7-орында тұр.

    Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін биыл қазанда АҚШ-тағы UFC Fight Night 245 турнирінде өткізген еді. Ол бразилиялық файтер Матеус Николауды (19-4-1) ұтқан болатын. Осылайша Алмабаев кәсіби мансабында 21, UFC-де 4-рет жеңіске жетті.

    Еске салайық, биыл ақпанда Чарльз Джонсон қазақстандық тағы бір спортшы Азат Мақсұмды (15-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

    Азат Мақсұмды жеңген америкалық файтер енді тағы бір қазақпен жұдырықтаспақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.