jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қытай атынан өнер көрсететін қазақ жауынгері Road To UFC турнирінің финалында бақ сынайды

    Балғын Жеңісұлы
    Балғын Жеңісұлы. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    23 қарашада Макаода өтетін UFC Fight Night 248 турнирінде Қытай атынан этникалық қазақ файтері Балғын Жеңісұлы бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жеңіл салмақта өнер көрсететін Балғын Жеңісұлының қарсыласы – Naiza лигасының бұрынғы чемпионы корейлік Су Ен Ю болмақ.

    Қос файтер Road To UFC турнирінің финалында кездеседі. Екі спортшы да осыған дейінгі кезеңдерде өз қарсыластарын жеңіп, шешуші жекпе-жекке жолдама алған.

    Су Ен Ю (13-3) 2022 жылы Naiza лигасының чемпионы атанған. Алайда сол жылы Дастан Амангелдіге қарсы титулдық кездесуде үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, чемпиондық белбеуінен айырылды.

    Road To UFC турнирінің ширек финалында Су Ен Ю жапониялық Шохей Носиді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Ал жартылай финалда қытайлық Дармен Заупанұлынан айласын асыра білді.

    Балғын Жеңісұлы (18-5) Road To UFC турнирінің ширек финалында қытайлық Юн Фен Лиді техникалық нокаутпен жеңсе, жартылай финалда жапониялық Токитака Наканишиден басым түсті.

    Айта кетейік, бұл финалдық кездесудің нәтижесінде Road To UFC турнирінің жеңіл салмақтағы чемпионы анықталады. Жеңімпаз UFC лигасымен келісімшартқа отырады.

    Қытай атынан өнер көрсететін қазақ жауынгері Road To UFC турнирінің финалында бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.